«Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 152 бұйрығы

 «Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 152 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Медициналық оңалтуды көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32263 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

16-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) үшінші кезең - медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету кезінде, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, тәулік бойғы стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторийлерде ұзақтығы күніне кемінде 3 сағат мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде, сондай-ақ үйдегі стационарларда, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызмет көрсету арқылы медициналық оңалту жүргізу.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Медициналық оңалтуға көрсетілімдер осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ересектер үшін, 4-қосымшаға сәйкес балалар үшін тіршілік әрекетінің жұмыс істеу бұзылысы және шектеу дәрежесі болып табылады.

Кез келген кезеңде медициналық оңалту іс-шаралары жүргізілген пациентке тіршілік әрекетінің жұмыс істеу бұзылысы және шектеу (ОБШ-0) болмаған жағдайда медициналық оңалтуды жалғастыруды қажет етпейді.

Тіршілік әрекетінің жұмыс iстеу бұзылысы және шектеуі бар (ОБШ-1) пациент медициналық оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.

Тіршілік әрекетінің жұмыс iстеу бұзылысы және шектеуі орташа (ОБШ-2) немесе айқын (ОБШ-3) көрінетін пациент медициналық оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.